Мектеп оқушылары дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Дранов Роман Андреевичтің жетекшілігімен Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қарасу ауданы білім бөлімінің Люблин орта мектебі» КММ-не Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған аудандық көпсайыс бойынша спартакиадаға аттанды.
Әскери-спорттық шараның мақсаты, ең алдымен, жастарды әскери қызметке немесе төтенше жағдайларға қатысуға дайындау, сондай-ақ осыған қажетті дене және адамгершілік қасиеттерді дамыту. Сонымен қатар, мұндай іс-шаралар көбіне отансүйгіштікке, жолдастық сезімге, жауапкершілікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.